object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 05:55:27.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ғылымның атасы – математика!

6 наурыз күні мектептер мен колледж түлектері үшін математика пәнінен қашықтықтан олимпиада өтті. 2-кезеңге орыс тілінде 90 адам, қазақ тілінде 29 адам қатысты.

Олимпиаданы өткізудегі мақсат – жастардың зияткерлік әлеуетін арттыру және жаратылыстану ғылымдарының танымалдылық ауқымын кеңейту үшін ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану.

Олимпиадаға ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжінің, Рудный музыкалық колледжі, Рудный құрылыс және көлік колледжі, Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Тобыл ауылшаруашылық колледжінің студенттері мен қала және облыс мектептерінің оқушылары қатысты. 

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

Мемлекеттік тілде білім алатындардың арасында 1-орынды Ердибай Жақсылық, Әлижан Таңатаров, Айбек Жеңісбеков жеңіп алды. 2-орын Шыңғыс Қамбаровқа тиесілі. Ал үшінді орынды Ләйля Бейсенова мен Әсел Досова өзара бөлісті.

Орыс тілінде білім алатындардың арасында жүлделі 1-орынға Юлия Орлова лайық деп танылды. Алмаз Азинбаев пен Рашид Самуратов 2-орынды алды. 3-орында Артем Перепеляков.

Жүлдегерлердің барлығы I, II, III дәрежелі дипломдарға ие болды, 2-кезеңнің қалған қатысушыларына сертификаттар табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті жыл сайын жоғары сынып оқушылары мен колледж түлектері үшін мектеп бағдарламасындағы пәндер бойынша қашықтықтан олимпиадалар өткізеді. Биылғы маусымның олимпиадасы Ғылым күніне орайластырылды.

Қабылдау комиссиясы