object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-29 02:41:24.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ФМжЦТ-тың ЖАРҚЫН апталығы

ҚӨУ-дің педагогикалық институтында 14-18 сәуір аралығында физика, математика және цифрлық технологиялар кафедрасының апталығы өтті.

Апталық аясында ғылыми, әдістемелік және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Кафедраның студенттері, магистранттары және оқытушылары белсенді түрде атсалысты.

Ашық сабақ барысында студенттер кафедраның аға оқытушысы Алмагуль Касымованың «Элементар бөлшектер» тақырыбындағы дәрісіне қатысты.

Бірінші курс студенттеріне аға оқытушы Айгуль Фазылова «Туынды және оның қолданылуы» тақырыбында сабақ өткізді.

ҚӨУ-дің қашықтықтан оқыту және қосымша білім беру институтымен бірлесіп кафедрада информатикадан қашықтық олимпиада ұйымдастырылды. Бұл шараға студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.

«Физика, Математика «Информатика, Робототехника және жобалау» білім беру бағдарламасын талқылау мақсатында стейкхолдерлермен дөңгелек үстел кездесуінде көптеген пайдалы ұсыныстар айтылды.

Апта барысында кафедрада интеллектуалдық және шығармашылық іс-шаралар да өтті.

Бірінші курс студенттері үшін «Үш ғылым турнирі» атты интеллектуалдық ойын өткізілді.

Ал студенттер мен қала мектептерінің оқушылары «Математикалық регата» сайысында өз білімдерін көрсетті.

Физика пәнінен өткен «Өз ойының» форматындағы викторина мен «Ашылулар жолы» атты квест те қызықты әрі тартымды өтті. Бұл іс-шараларда тапқырлық пен командалық рух сыналды.

«Математикалық аукцион» - студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсеткен ерекше шара болды. Кеш көңілді әндермен, билермен және әзілдермен өрнектелді.

ФМжЦТ кафедрасының әдістемелік апталығы жарқын әрі нәтижелі өтті. Барлық ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!

Қабылдау комиссиясы