object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-20 18:28:20.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«WELCOME TO ENGLISH-SPEAKING COUNTRIES» викторинасы

Шетел филологиясы кафедрасының апталығы аясында кафедраның аға оқытушысы Татьяна Смаглий «Шетел филологиясы» мамандығының екінші курс студенттері арасында «WELCOME TO ENGLISH-SPEAKING COUNTRIES» (Ағылшын тілінде сөйлейтін елдерге қош келдіңіз) атты викторина өткізді.

Студенттер екі командаға бөлінді. «Wonder Women» және «Diamonds» командаларының арасында қызықты, тартысты ойын болды.

Ойын барысында студенттер аймақтық, музыкалық және логикалық бағыттағы сұрақтарға жауап берді. Бәсекелес командалар музыкалық ребустарды шешуде тапқырлық танытты. Сондай-ақ белгілі ағылшын және американдық орындаушылардың әндерін болжап, орындай алды, ағылшын тілді елдердің аймақтану, әдебиет және кинематография саласында тамаша білімдерін көрсетті.

Қабылдау комиссиясы