object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 15:34:54.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Web-бағдарламалау олимпиадасы

А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де ғылым айлығы аясында 2022 жылдың 5 мен 7 сәуірі аралығында Moodle платформасында мектеп және колледж түлектері үшін қашықтан веб-бағдарламалау бойынша аймақтық олимпиада өтті. Олимпиада қатысушыларының білімі екі кезеңде «Іріктеу тестілеу», «Quizizz» мобильді қосымшасының платформасындағы «Өз ойыны» және веб-сайтты әзірлеу бойынша анықталды. Қостанай, Рудный, Лисаков, Сарыкөл және Урицкий аудандарынан барлығы 38 оқушы қатысты.

Олимпиаданың 2-ші кезеңіне 20 қатысушы жолдама алды, бұл 70 ұпайдан жоғары жинағандар. Ойынның мақсаты – сайт жасаушыларды анықтау үшін 10 сараланған сұрақтардан экспресс сауалнама жүргізу. Олимпиаданың қорытындысын шығару кезінде 1-кезеңдегі «Іріктеу тестілеу» қатысушыларының нәтижелері ескерілді. Осылайша, жеңімпаз атанғандар:

І орын Сарыкөл агробизнес және заң колледжінің студенті Владимир Чункевскийге тиесілі (ұпай саны-178). ІІ орынға Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенті Тамирлан Мұқашев лайық деп танылды (ұпай саны-170). ІІІ орын да Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студентіне бұйырды, Артем Алексеев 165 ұпаймен үздік үштікке ілікті.

Жүлдегерлердің барлығы I, II, III дәрежелі дипломдарға ие болды, 2-кезеңнің қалған қатысушыларына сертификаттар табысталды.

Қабылдау комиссиясы