object(DateTime)#1026 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-02 20:17:10.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ақжол, түлек-2024!

Міне, оқуды тәмамдайтын уақыт келді – Baitursynuly University студенттері үшін ең әсерлі, қуанышты, сонымен бірге қобалжулы сәт, көп жылдық жұмыстардың нәтижесі мен өмірдегі жаңа кезеңнің басталуы!

Биыл бірінші болып көлік құрастыру, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінің түлектері диплом алды. 236 студенттің 44-і жоғары оқу орнын үздік бітірді. 19-ы техника ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

- Бүгін университеттің табалдырығынан үлкен өмірге қадам басқан барлық түлектерді шын жүректен құттықтаймын! – деді ҚӨУ ректоры Сейітбек ҚУАНЫШБАЕВ студенттерге арнап, -Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің альма-матер есігі сіздер үшін әрқашан ашық екенін айтқым келеді. Бізде магистратура мен докторантура бар екенін ұмытпаңыздар. Білім ордасы әрқашан сіздердің оқуға, білім мен тәжірибе жинақтауға деген ұмтылыстарыңызды қолдайды. 

Мерекенің себепкерлері үшін бірге туғандар мен ең жақын адамдар келді. Туған университет фонындағы селфи, гүлдер, құттықтаулар мен құшақтар…

Түлектерімізге ақжол!

Қабылдау комиссиясы