object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-22 07:48:14.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Тәжірибелі мамандармен кездесу

Baitursynuly University «География» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған шеберлік сабағы өтті.

Бұл іс-шараны «Географияны оқыту әдістемесі» және «Мектептегі оқыту мен бағалаудағы жаңа тәсілдер» пәндері аясында іс-тәжірибеде қолданып жүрген мұғалімдер ұйымдастырды.

Кездесудің мақсаты – белсенді оқыту әдістері мен технологияларды қолдану мүмкіндіктерін қарастыру, тәжірибе алмасу, оқу-тәрбие процесінде мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігін арттыруға ықпал ету.

Мектеп мұғалімдері Карпенко Н.Д., Тукаева Г.Б., Трефилова Т.И. және Пасечник В.А. студенттер үшін маңызды және өзекті болған келесі тақырыптарды ұсынды: «Қызығушылықты арттыру құралы ретінде білім берудегі сыни ойлау», «Белсенді оқыту әдістерін енгізу арқылы пәнге қызығушылықты дамыту», «BilimClass цифрлық білім беру платформасын білім сапасын арттыруға арналған кешенді өнім ретінде пайдалану».

Надежда Карпенко BilimClass білім беру платформасы туралы толық ақпарат беріп, электронды баға журналымен жұмыс істеуді, білім мониторингін жүргізуді, бейнесабақтар базасын пайдалануды және күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды түсіндірді.

Жаңа оқу жылынан бастап Қостанай облысының мектептері BilimClass платформасына көшкендіктен, келесі семестрде мектептерге педагогикалық практикаға баратын студенттер үшін бұл ақпарат өте пайдалы болды.

Осы орайда серіктестерімізге ерекше алғысымызды білдіреміз!

Қабылдау комиссиясы