object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 03:27:02.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

БОЛАШАҚҚА кездесу

Baitursynuly University-нің Аграрлық техника және транспорт кафедрасының студенттері «TECHNOPARK KZ» ЖШС өкілдерімен кездесті.

Кафедраның апталығы аясында 2-4 курс студенттері ББ 6В07101 «Транспорт, транспорттық техника және технология» мамандығы бойынша өндірістік практиканы өту және осы ЖШС-да жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

Кәсіпорын өкілдері өздерінің жұмысын егжей-тегжейлі таныстырып, қандай техника өндірілетінін көрсетті. Студенттер барлық сұрақтарын қойып, практика өтетін орындарды алдын ала белгілеп қойды.

Қабылдау комиссиясы