Baitursynuly University корей тілі курстары басталды!
Онда 14 жастан жоғары әртүрлі жастағы 70 тыңдаушы жиналды.
Бұл ҚӨУ студенттері, KIA зауытының қызметкерлері мен корей тілін үйренгісі және корей мәдениетімен танысқысы келетіндер.
- Негізгі назар KIA зауытында жақын арада қызметкер болатын студенттерге аударылады, - дейді Сечжон атындағы корей тілі институтының жетекшісі Нағима МАНАСБАЕВА. - Университет зауыт үшін тілді меңгерген білікті кадрлар даярлауға мүдделі.
Сабақтарды Оңтүстік Кореядан келген магистр, тіл иесі Kim Yongbeom өткізеді.
Сабақтар университет қабырғасында да, тікелей зауытта да өтеді.