Белгілі қазақстандық экономист, блогер Рахым ОШАҚБАЕВ «Kostanay INVEST-2024» инвестициялық форумына келген сапары аясында Baitursynuly University Smart-орталығында болды.
Оқу ордасы зертханаларын аралап көрген мейман облыс және ҚӨУ басшылығымен кездесті.
Әңгімелесудің негізгі тақырыбы – жақында University of Minnesota Morris-пен бірлесіп ашылған қос дипломдық бағдарлама.
Студенттерді қабылдау 22 шілдеден 6В06104 ББ Computer science (ГОП B057 «Ақпараттық технологиялар») бағдарламасы бойынша басталды.
- Біздің университетіміздің қос дипломдық білім беру саласында үлкен тәжірибесі бар, - деп атап өтті ҚӨУ оқу ісі жөніндегі проректоры Эльмира НАУРЫЗБАЕВА. – Жыл өткен сайын біз қарқын алып келеміз. University of Minnesota Morris-пен бірнеше ай бойы келіссөздер жүргіздік. Перспективті IT бағытына тоқталдық.
Оқуды аяқтаған соң түлектер Қостанай және Америка университеттерінің екі дипломына ие болады.
Рахым Ошақбаев университеттің материалдық-техникалық базасы, академиялық ұтқырлықтың кең географиясы және оқу ордасының студенттерге ұсынып отырған мүмкіндіктеріне тәнті болғанын атап өтті:
- Сіздерде ауқымды трансформация болып жатқанын көріп отырмын. Бәрі ойдағыдай болсын!