object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 08:44:21.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ЛА-КОРУНЬЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМЫ ҚӨУ-ДЕ ҚОНАҚТА

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетіне іссапармен Ла-Корунья университетінің (Испания) профессоры, PhD доктор Мануэль Лопез келді.

Шетелдік ғалым 24-28 сәуір аралығында А.Айтмұхамбетов атындағы инженерлік-техникалық институттың «Машина жасау» білім беру бағдарламасының 1-2 курс студенттері үшін дәріс оқиды, ал институттың оқытушылары үшін шеберлік сабақтарын өткізеді.

Мануэль Лопезпен кездесу барысында екі жақ білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, ғылыми ақпараттармен бөлісті, тәжірибе алмасып, университеттер ұйымдастыратын конференцияларға, дөңгелек үстелдерге және басқа да іс-шараларға қатысу жайында жоспар құрды.

Қабылдау комиссиясы