Бүгін РФ-ның Мемлекеттік гуманитарлық-технологиялық университетімен (ГГТУ, Орехово-Зуево) 22 ақпаннан 30 сәуірге дейін жалғасқан виртуалды академиялық ұтқырлық жобасының қорытындысы шығарылды.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 2 магистранты мен 293 студенті ГМТУ-де 10 пән бойынша оқыды: ХХІ ғасыр құзыреттері; Команда құрудың тиімді технологиясы; Жас анатомиясы және физиологиясы; Жаратылыстану сауаттылығын қалыптастырудың практикалық-бағдарлы міндеттерін шешу әдістемесі; Халықаралық емтихандардың негізгі форматтары; Ағылшын тілі; Жоба менеджменті; Android платформасына арналған мобильді қосымшаларды әзірлеу; Өсімдіктердің морфогенезін басқару; Мектеп оқушыларының практикалық математикалық сауаттылығын қалыптастыру.
Өз кезегінде 303 ресейлік студент А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де 9 пән бойынша білім алды. Университеттің жеті кафедрасының 17 оқытушысы ІТ бағыты, графикалық дизайн, ақпараттық сауаттылық және көпшілік алдында сөйлеу, мектепке дейінгі білім беру бағдарламалары, психологиялық және инклюзивті білім беруді педагогикалық қолдау сияқты бағыттарды оқытты. Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айында Мемлекеттік гуманитарлық-технологиялық университет (Орехово-Зуево, Ресей) мен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті виртуалды академиялық ұтқырлық туралы келісімге қол қойған болатын, жоба аясында 2020-2021 оқу жылында серіктес университеттердің 600 студенті виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысып, білімдерін толықтырды.