Сөзіміздің дәлелі – ынтымақтастық туралы меморандум.
Бүгін Baitursynuly University-нің зерттеулер, инновация және цифрландыру жөніндегі проректоры Жеңіс Жарлығасов пен Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының басшысы Тимур Бисембаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты – Б.Майлин ауданындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ҚӨУ түлектерінің жұмысқа орналасуы, тәжірибеден өту және маман даярлау мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс жасау, әдістемелік ресурстармен алмасу, бірлескен семинарлар мен тренингтер өткізу.
Айтпақшы, Тимур Қалымжанұлы – біздің түлек (агрономия факультеті).
Біз ҚӨУ түлектерінің өз университетімен байланыста болғанына қуаныштымыз. Қазір студенттерімізге көмектесіп жатыр. Біз сізді мақтан тұтамыз!



