object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-03-10 08:22:01.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Іске сәт, ұстаздар!

Бүгін Baitursynuly University ұйымдастырған педагогикалық қайта даярлау курсы аяқталып, 31 мұғалім мектепте жұмыс істеуге мүмкіндік беретін сертификатқа ие болды.

Курсқа қатысушылардың барлығының кәсіби білімі бар. Олар түрлі себептермен алғаш рет өзін мұғалім ретінде сынап көруді ұйғарды. Солардың бірі - Лейла ДУЗЕНОВА:

«Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өттім. ҚӨУ-ді жақсы пікірлерге сүйене отыра таңдадым және қателеспедім! Оқу процесі өте жақсы ұйымдастырылған. Материал - жаңа, өзекті, артық ақпаратсыз. Оқытушылармен кері байланыс бар. Тәжірибелік сабақтардың басым болуы қуантты. Алдағы уақытта өз мамандығым бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отырмын».

Қостанай облысы білім саласының сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алена МАЛЬГАЕВА ұстаздарға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, 2021 жылдан бері біздің университетте 208 адам педагогикалық қайта даярлау курсын сәтті аяқтады. Олар психологиялық-педагогикалық пәндер модулін меңгеріп, педагогикалық тәжірибеден өтті.

Қайта даярлау курсы ақылы негізде жүргізіледі. Оқу форматы - күндізгі, ұзақтығы - 5 ай.

Осы телефон нөмірі арқылы курсқа қатысты барлық мәліметтерді білуге болады: +7 705 311 3153.

Қабылдау комиссиясы