object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-08-17 19:24:35.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ИНКЛЮЗИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСТЫ НАЗАРДА

А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ инклюзивті білім беру және инновациялық технологиялар орталығы Челябі мемлекеттік университетінің мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды оқыту жөніндегі ресурстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түскен мүгедектігі бар студенттерді сүйемелдеудің өзекті мәселелері» атты өңіраралық дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Оның жұмысына Ресейдің Тұңғыш Президенті Б. Н. Ельцин атындағы Орал федералды университетінің, Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің және басқа да жоғары оқу орындарының әріптестері қатысты. Челябі мемлекеттік университетінің ректоры Сергей Таскаев құттықтау сөз сөйледі, ол оқу процесіне инклюзивті білім беруді енгізу саласындағы жетекші ЖОО болып табылады. «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде Инклюзивті білім беру: тарих, шындық және перспективалар» атты баяндамамен инклюзивті білім беру және инновациялық технологиялар орталығының меңгерушісі Сәуле Айтқожинова сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелде бірінші курсқа түскен мүгедектігі бар студенттермен жұмыс істеудің тиімді нысандары мен әдістері талқыланды, сондай-ақ ЖОО ортасында әлеуметтенуге және бейімделуге бағытталған ұйымдастырушылық және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу технологиялары туралы айтылды. Дөңгелек үстел онлайн форматта өтті.

Қабылдау комиссиясы