ЖИ жылдамдығымен теңесу

ҚӨУ-де білім беру мен ғылымда жасанды интеллектіні қолдану бойынша воркшоп өткізілді.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті базасында AI-Sana жобасын іске асыру аясында, сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім» және 17-мақсаты – «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында «Зерттеу және педагогикалық қызметте жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында воркшоп ұйымдастырылды.

Іс-шараның спикері Құзыреттілік және мансаптық өсу офисі басшысының м. а. Турар Елибаев болды. Ол бұған дейін ғылымдағы жасанды интеллектке арналған Нархоз университетінің Қысқы ғылыми мектебіне қатысқан.

Воркшопқа университеттің 30-дан астам оқытушысы мен қызметкері қатысты. Қатысушылар білім беру және ғылыми қызметте қолдануға болатын Gemini, OpenAI, Kimi AI, Napkin AI және басқа да заманауи жасанды интеллект құралдарын пайдалану бойынша практикалық кейстермен танысты.

Іс-шара барысында тыңдаушылар алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолданды, жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне, зерттеу жұмыстарына және кәсіби қызметке енгізу мүмкіндіктерін талқылады.

Сонымен қатар, жасанды интеллект құралдарының өте жоғары қарқынмен дамып жатқаны, барлық жаңалықтарды жеке-дара бақылаудың күрделі екені атап өтілді. Осыған байланысты университетте ИИ-қауымдастықты дамыту, заманауи технологиялық үрдістерден қалыс қалмай, цифрлық шешімдерді білім беру мен ғылымға енгізу бағыты жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Қабылдау комиссиясы