Бұл – екі елдің делегациялары бас қосып, бірнеше маңызды бағыттар бойынша өзара байланысты нығайтқан ауқымды кездесу.
Саммитте Қостанай өңірі автомобиль жасау бағыты бойынша таныстырылды. Бұл – біз үшін үлкен жауапкершілік әрі жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды бағыт.
Бүгін Қазақстан-Корея Іскерлік кеңесінің 14-отырысы аясында Қостанай өңірлік университеті мен Dong-Eui University арасында келісімге қол қойылды.
Екі университеттің достық, әрі іскерлік байланысы бұған дейін де берік қалыптасқан. Енді жаңа келісім осы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Алдағы жоспар ауқымды: бірлескен жобаларды жүзеге асыру, тағылымдамалар ұйымдастыру, тәжірибе алмасу. Сонымен қатар ҚӨУ базасында автомобиль өнеркәсібіне арналған жасанды интеллект бойынша бірлескен зертхана ашылады.
ҚӨУ жаңа белестерді бағындырып, қарқынын күшейтіп келеді. Университет ректоры атап өткендей, басты мақсатымыз – халықаралық деңгейдегі, бәсекеге қабілетті бірегей мамандар даярлау.
Университет ректоры атап өткендей, басты мақсатымыз – халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, бірегей мамандар даярлау. Жаңа келісім машина жасау саласында жасанды интеллектіні қолдануға басымдық беруге мүмкіндік береді. Бұл – бүгінгі күн үшін де, келешек үшін де аса өзекті бағыт.


