object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-30 01:38:01.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Болашақ журналистерге арналған ЖАҢА мүмкіндік

Baitursynuly University мен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Бүгін ҚӨУ-ге аталған университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Сансызбай Мемешов пен қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Гүлгүл Искакова келді.

Қонақтарды ҚӨУ-дің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасында қарсы алды.

Бұл кафедра Көкшетау университетімен тығыз байланыс орнатқан. Жақын уақытта бірлескен білім беру бағдарламасы да іске қосылады.

Baitursynuly University ректоры Сейтбек Қуанышбаев бұл игі бастаманың студенттер мен оқытушылар үшін және академиялық ұтқырлық бағдарламасының перспективасын дамыту мақсатындағы ерекше мүмкіндік екенін атап өтіп, әріптестерге сәттілік тіледі.

Қабылдау комиссиясы