object(DateTime)#1038 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-02-05 11:57:15.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Қаржыны ұтымды басқар

Baitursynuly University экономика және қаржы кафедрасында әдістемелік инновациялар айлығы аясында «Қаржылық сауаттылық: мәселелер мен бағыттар» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Семинарға «Қаржы», «Экономика», «Есеп және аудит», «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламаларының 2-3 курс студенттері мен оқытушылар қатысты. Қатысушыларды кафедра меңгерушісі Дина Кенжебекова қарсы алды.

Семинар модераторлары қызықты баяндамалар ұсынды. Кафедра профессоры Налима Сартанова қатысушыларға қаржылық сауаттылықтың мәнін түсіндіріп, оның қазіргі әлемдегі маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, адамдардың жеке қаржыларын басқаруда кездесетін негізгі мәселелер туралы айтты.

2 курс магистранты Камила Макашева қаржылық сауаттылықты арттыру әдістері мен құралдарын таныстырып, оқыту бағдарламалары, онлайн-ресурстар мен қосымшаларды атап өтті және студенттер арасында блиц-ойын өткізді.

Қабылдау комиссиясы