object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 07:57:53.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ DONG-EUI УНИВЕРСИТЕТІ BAITURSYNULY UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІНЕ КВОТАНЫ АРТТЫРДЫ

Жаңа оқу жылында Оңтүстік Корея университетінде 10 қостанайлық студент оқи алады. Мұндай бірегей мүмкіндік Корея университеті делегациясының ҚӨУ-ге екінші сапары барысында екі жоғары оқу орнының өкілдері қол қойған меморандум аясында жүзеге асты.

Қараша айында қол жеткізілген бірқатар келісімдер нәтижесінде Baitursynuly University-дің екі студенті Dong-Eui-де тәжірибе алмасуда. Шетелдік оқу орнында олар пилотсыз автомобильдерді, электр жабдықтарын жүйелі бақылау мен пайдалану тәжірибесін әзірлеу, автомобиль бөлшектерін жасауды зерттеп жатыр.

Табысты ынтымақтастық нәтижесінде білім алушылардың квотасын ұлғайту туралы шешім қабылданды. Baitursynuly University ректоры Сейітбек Қуанышбаев атап өткендей, мұндай ынтымақтастық тек өңір ғана емес, жалпы еліміз үшін де стратегиялық маңызды.

Өйткені, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ – машина жасау саласындағы кадрлар даярлайтын базалық жоғары оқу орны. Ал Оңтүстік Кореяда оқыған және корей тілін үйренген студенттер келесі жылы аймақта толық қуат алатын жаңа Kia зауытында сұранысқа ие болмақ. Dong-Eui үшін бұл да пайдалы тәжірибе. Делегаттардың айтуынша, халықаралық серіктестік университетке әрқашан жаңа серпін береді.

"Baitursynuly University басшылығына жемісті ынтымақтастығы үшін алғысымды білдіремін. Оның осындай қарқынмен әрі қарай дамитынына сенімдімін. Жоспарда – Baitursynuly University жанынан корей тілін оқыту институтын ашу, ҚӨУ машина жасау кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының Оңтүстік Кореяға сапары және басқа да бірлескен жобалар бар», - деп атап өтті Dong-Eui вице-президенті lee Imgeun."

Айта кету керек, Dong-Eui – Оңтүстік Кореядағы машина жасаушыларды дайындауда бай тәжірибесі бар ең көне жеке университеттердің бірі, ол әлемге әйгілі «Hyundai» автомобиль корпорациясымен тығыз жұмыс істейді.

Қабылдау комиссиясы