object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 22:29:58.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Университет ректоры оқытушылармен, студенттермен кездесті

Бір апта бойы ректор Алма Дощанова институттардың студенттерімен және оқытушыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Zoom платформасы арқылы өткен онлайн кездесуге 600-ден астам студент қатысты. Онда екінші семестрдегі оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

24 қаңтарда көктемгі семестр аралас форматта басталады – дәрістер онлайн, ал практикалық және семинар/зертханалық сабақтар офлайн режимде өтеді. Басты назарда - санитарлық-эпидемиологиялық режимнің қатаң сақталуы:

- маска режимі;- аудиториялар жүйелі түрде дезинфекцияланады және желдетіледі;

- термометрия, антисептиктер қолданылуы керек.

Тікелей эфирдің бейнежазбасын университеттің Instagram және Youtube арнасынан көре аласыздар.

Оқытушылар құрамымен кездесуде университеттің 2021 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылып, алдағы жылға жоспар құрылды. Өткен жыл университет өміріндегі мынадай маңызды оқиғалармен есте қалды:

- А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ Білім және ғылым министрлігімен машина жасау кластерінде бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау жөніндегі Академиялық шеберлік орталығы болып бекітілді;

– Қазіргі уақытта университет екі қос дипломды және екі бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда, Серіктес университеттердің қатарында халықаралық QS рейтингінің үздік 500 жетекші шетелдік университеті тізіміне енетін оқу орындар да бар. Осы жоба аясында Қазан федералды университетімен «Машина жасау» екі дипломдық бакалавриат білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.

– Университетте философия докторы (PhD) және «Ветеринария» бағыты бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық кеңес жұмыс істейді. 2021 жылдың 10 желтоқсанында алғашқы диссертация қорғалды.

– 2021 жылы университет Эразмус+ бағдарламасының 7 жобасын жүзеге асырды және аталмыш бағдарламаны іске асыру бойынша көшбасшы университеттер арасында екінші орынға ие. Оқу орнының тарихы бай, 82 жыл ішінде университет өзіндік дәстүрлерін қалыптастырды.

Кездесу барысында жас, белсенді оқытушылардан ұжымдық рухты, бәсекелестік пен қызметкерлер арасындағы мотивацияны дамытуға көмектесетін жаңа дәстүрлерді енгізу туралы ұсыныс түсті.

Қабылдау комиссиясы