object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-02-25 22:46:57.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ЕРЕКШЕ студия

Baitursynuly University-де интерактивті мультимедиялық зертхана - студия ашылды, бұл оқу орнының білім беру үдерісін жаңғыртуға орасан зор мүмкіндік береді.

Студия заманауи технологиялармен жабдықталған, соның ішінде интерактивті гибридті жарықдиодты тақта (touchboard әсерімен), Lightboard технологиясы, 3D модельдеу, хромакей және телесуфлермен жұмыс жасау мүмкіндігі, сондай-ақ скринкасттар мен подкасттарды қолдау қарастырылған.

Бұл студияда интерактивті бейнедәрістер, вебинарлар және семинарлар жаңа форматта өткізіледі. Яғни, жай ғана материалды оқу емес, 3D форматында көрнекі түрінде түсіндіру мүмкіндігі қарастырылған. Бағдарламалық қамтамасыз ету материалды кәсіби деңгейде жедел өңдей алады.

Цифрлық зертхана кәсіби видео-аудио жабдықтармен қамтамасыз етілген, бұл оқытушыларға Coursera платформасы үшін заманауи әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, білім беру контенті мен курстарын дайындауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бұл - журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының студенттері үшін нағыз кәсіби студияда практикалық тәжірибе жинақтауға арналған тамаша мүмкіндік.

Подкасттар, тікелей эфирлер, сұхбаттар, Instagram роликтері, интерактивті онлайн-сабақтар - мұның бәрі ҚӨУ оқытушылары мен студенттерінің алдағы жоспарларында бар.

Қабылдау комиссиясы