Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институттың жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «Мектеп оқушыларын оқытудың тиімді тәсілдері, белсенді және интерактивті әдістері» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді.
Тренер ретінде ҚӨУ-мен ұзақ уақыттан бері тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқан «Өрлеу» БАҰО филиалының педагогика және пәндік әдістемелер кафедрасының аға оқытушысы Наталья Истомина сөз сөйледі. Ол студенттерді арнайы пәндерді оқыту әдістемесінің теориялық негіздерімен, педагогикалық технологияларымен және инновациялық оқыту әдістерімен таныстырды.
3-курс студенттері тренингте белсенділік танытты: шағын топтарда педагогикалық кейстерді шешті, сингапур оқыту әдісінің элементтерін, Smart Badge және сыни ойлау технологиясын қолданды.
Семинар алдағы уақытта педагогикалық практика өтетін студенттер үшін өте пайдалы болды.