2021 жылдың 8-9 сәуірі аралығында Алматы технологиялық университетінде XIII республикалық пәндік олимпиада онлайн режимде өтті.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің атынан өңдеу технологиясы және стандарттау кафедрасының аға оқытушылары Анзор Саидов пен Карина Жаңабаева бастаған 2 команда қатысты.
«Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы командасының құрамында Дарья Никитина, Меруерт Исина және Светлана Андрейчук болды. Гүлмира Жакиенова, Дильназ Нұрқанова және Ульзана Базарбаева «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының командасын құрады.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша жарыс комиссиясы олимпиаданың қорытындысын шығарып, командалық және жеке біріншіліктердің жеңімпаздарын анықтады.
Командалық сайыста біздің студенттер ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Ал жеке біріншілікте 3-курс студенті Меруерт Исина ҚР Білім және ғылым министрлігінің II дәрежелі дипломын жеңіп алды.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз, алдағы уақытта да сәттілік тілейміз!