object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 12:46:10.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ студенттерінің Республикалық ғылыми-зерттеу байқауындағы жеңісі

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) - студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білім берудің негізгі бөлігі және маман даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі.

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене араласады. Олардың көпшілігі жарыстарға қатысып, жүлдегер атанады.

М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында 5В011300 – «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының ІІ кезеңі өтті, онда біздің студенттер екі жүлделі орынға ие болды. 1-дәрежелі дипломмен 4-курс студенті Ия Бойко, 3-дәрежелі дипломмен 4-курс студенті Екатерина Тарасенко марапатталды.

Республикалық СҒЗЖ конкурсының ережесіне сәйкес 2023 жылы 5В011300 «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша кезекті Республикалық СҒЗЖ конкурсы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде өтеді.

Сондай-ақ 6В01513 география-биология білім беру бағдарламасы бойынша Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының Жаратылыстану факультетінің 2 курс студенті Мерей Едресов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өткен Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында 2-орынға ие болды және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ІІ дәрежелі Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ал П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының 3-курс студенті Александра Головко Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде өткен ғылыми байқауында үздік үштікті түйіндеп, 5В050400 (6В03201) – Журналистика білім беру бағдарламасы бойынша СҒЗЖ Республикалық байқауына қатысқаны үшін 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Студенттерді және олардың жетекшілері Татьяна Брагина, Гаухар Баубекова және Айнұр Сүлейменованы жеңістерімен құттықтаймыз!

Қабылдау комиссиясы