object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 12:43:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ студенттерін олимпиададағы жеңістерімен құттықтаймыз!

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында өткен ботаника бағыты бойынша аймақтық студенттік онлайн олимпиадаға А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «5В060700-Биология» мамандығының студенттері қатысты.

Олимпиада екі кезеңде өткізілді: бірінші кезең – студенттерді тестілеу (тест тапсырмалары мен есептерді шешу), екінші кезеңде қатысушылар жобаларды қорғады (аймақтың флорасын талдау).

ҚӨУ-нің студенттерінен құрылған команда конкурстық сынақтардан сүрінбей өтіп, 2 орынға ие болды. Команда құрамы: Алуа Өтебаева, Зарина Искакова, жетекшілері - биология ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлнар Сұлтанғазина және жаратылыстану ғылымдарының магистрі Юлия Новак.

Биология, экология және химия кафедрасының студенттері мен оқытушыларын жеңістерімен құттықтаймыз, зерттеу жұмыстарына жаңа жетістіктер мен табыстар тілейміз!

Қабылдау комиссиясы