object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 23:05:16.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ студенттері КАМАЗ зауытында тәжірибеден өтеді

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 17 студенті Набережные Челны қаласына "КАМАЗ" КАҚ-на өндірістік тәжірибеден өту үшін аттанды.

Ең алдымен, бұл - "Машина жасау" негізгі білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 4 курс студенттері, сондай-ақ "Электр энергетикасы", "Технологиялық машиналар және жабдықтар", "Көлік. Көлік техникасы және технологиясы" ББ-ның студенттері.

Студенттерді университеттігі практика жетекшісі қадағалайды, ол 24 қаңтар мен 31 наурыз аралығында, екі ай бойы олармен бірге кәсіпорында болып, бүкіл процесті бақылайтын болады.

Бұл мүмкіндік студенттерге университеттің «КАМАЗ» КАҚ және Қазан федералды университетімен (ҚФУ) Қазақстанның машина жасау саласы үшін мақсатты кадрлар даярлау жөніндегі бірегей үшжақты ынтымақтастығының арқасында берілді.

Университет серіктестері біздің студенттер үшін барлық қажетті жағдайларды жасады: Қостанайдан Набережные Челны қаласына және кері қарай жайлы автобуспен тегін жол жүру, күніне үш рет тегін тамақтану, жайлы жатақханада тегін тұру. Бұдан басқа, демалыс күндері қазақстандық студенттер үшін мәдени іс-шаралар, қала бойынша экскурсиялар ұйымдастырылады.

Тәжірибеден өтушілер үшін екі демалыс күні мен 5 күндік 8 сағаттық жұмыс күні қарастырылған, мұндай кесте бойынша жалақы айына 42 мың рубльді (шамамен 200-230 мың теңгені) құрайды. Студенттер тәжірибені қозғалтқыштарды құрастыру зауытында өтеді.

Бұл - А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ студенттері КАМАЗ зауытында өтетін екінші тәжірибе. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың маусым айында біздің 30 студент жетекші машина жасау кәсіпорнының құрастыру цехтарында тәжірибеден өткен болатын.

Қабылдау комиссиясы