object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-03-29 21:08:02.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

ҚӨУ студенті XIII Халықаралық «IT-Планета 2020/21» олимпиадасының финалына қатысады

2021 жылдың 12-15 қарашасы аралығында ақпараттық технологиялар саласындағы ХІІІ халықаралық олимпиаданың финалы өтеді (world-it-planet.org). Аталмыш олимпиада – ІТ бойынша ірі жарыстардың бірі, білім сапасын жақсарту мақсатында Ресей мен ТМД елдерінің оқу орындары мен бизнес құрылымдарының жақындасуына бағытталған. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенті Максим Рюмин «Робофабрика» байқауының іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, финалға жолдама алды. Максим «Ақпараттық технологиялар және робототехника» мамандығының 2 курс студенті. Студент ақпараттық технологиялар саласында белсенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді және зерттеу нәтижелері тек облыстың ғана емес, республиканың пайдасына жарап жатыр. «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша Максим мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында «Инватакси» қызметін әзірледі. Қазіргі уақытта бұл жоба іс жүзінде сәтті жүзеге асырылуда және жүздеген мүгедек жандарға өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар ол ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне «ақылды үйлердегі» қауіпсіздік пен өрттен қорғануға жауапты роботтың жобасын жасады. Бұл жобамен Максим Сочиде өткен «IT-планета» халықаралық олимпиадасында жеңімпаз атанды. Ол Қазақстан Республикасындағы «IT- планета» олимпиадасының абсолютті чемпионы. Сондай-ақ Максим Рюминнің есімі Қазақстанның 100 жаңа есімінің тізімінде.

«IT- планета» олимпиадасы студенттерге, сонымен қатар жас мамандарға ақпараттық және инновациялық технологиялар саласында өздерін дәлелдеуге, жоғары санатты мамандармен тәжірибе алмасуға, жұмысқа орналасуға немесе жетекші компанияларда өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді.

Жуырда өтетін байқаудың ақтық кезеңіне қатысуға онлайн іріктеу кезеңдерінде үздік нәтиже көрсеткен Ресей мен ТМД елдеріндегі 160 білім беру мекемелерінен 400-ден астам студенттер мен жас мамандар шақырылды. Олар финалда робототехника, бағдарламалау, желілік технологиялар, веб -дизайн, мобильді қосымшаларды әзірлеу, 3D -модельдеу, мәліметтер базасы, деректер ғылымы, жасанды интеллект, виртуалды шындық сияқты өзекті бағыттар бойынша жарыстарда бірінші орынға таласады. Максимге сәттілік тілейміз, үздіктер қатарынан табылады деген сенімдеміз!

Қабылдау комиссиясы