object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 08:20:25.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-ның магистранты – АҚШ гранттық жобасының жеңімпазы

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де «Мүмкіндіктері шектеулі студент жастар: құқықтық қорғау, қоғамдық және мемлекеттік басқаруға тиімді қатысу, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру» халықаралық жобасы бастау алды. АҚШ Елшілігінің мәдениет және білім саласындағы бағдарламасы бойынша гранттық жобаны «Журналистика және коммуникациялық менеджмент» кафедрасының магистранты Виталий Руднев жеңіп алды. Аталмыш жобаны жүзеге асыруға академиялық қызмет басқармасы мен психология кафедрасы қолдау көрсетеді.  

Инклюзияны дамыту – университетіміздің басым бағыттарының бірі, ЖОО-ның бұл салада тәжірибесі мол.

Гранттық жоба аясында ұйымдастырылған семинар-тренингке Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жетекші мамандар, оқытушылар, ерекше білім беруді қажет ететін студенттер, оқу орнының еріктілері, сонымен қатар Қостанай педагогикалық колледжі, ҚИНЭУ-нің студенттері қатысты. Семинар өте қызықты өтті, түрлі пікірлер айтылды.  

Семинар-тренингтің спикерлері: ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанайдағы филиалының оқытушысы Игорь Зуев және «Қостанай облысы медиаторлар қауымдастығы» қоғамдық қоры кеңесінің төрағасы, «Костанайские новости» облыстық газетінің жетекші тілшісі Марат Тюлеев.

Жобаның жұмысы 2023 жылдың 17 ақпанына дейін жоспарланған. Жоба бағдарламасына сай тренингтер, құқықтық және медиа сауаттылық бойынша сабақтар, бос уақытты қызықты өткізу үшін іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.  

Қабылдау комиссиясы