object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 08:15:58.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-не Италиядан шетелдік ғалым келді

А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-не Турин қаласының Политехникалық университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Адриано Феста келді. Шетелдік профессор 18 қазан мен 12 қараша аралығында Математика және физика кафедрасында «Математика» білім беру бағдарламасының студенттеріне дәріс оқиды және практикалық сабақтар өткізеді. Ғылыми кеңесші ретінде магистранттармен кездесіп, магистрлік диссертациялардың тақырыптары талқыланады. Сонымен қатар, жас ғалымдар мен докторанттар үшін оқу семинарларын, ал профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру курстарын өткізу жоспарлануда.

Шетелдік қонақ машина жасау саласына мамандар даярлаудағы университеттің көпжылдық серіктесі «Сары-Арқа Автопром» кәсіпорнында және оқу орнының Smart-орталығында болады.

Қостанай өңірлік университетінің Басқарма төрағасы–ректоры Сейітбек Қуанышбаев шетелдік ғалыммен кездесіп, өзара ынтымақтастықтың мүмкіндіктері, мамандар даярлау сапасын арттыруға тигізетін септігі туралы айтты.

Қабылдау комиссиясы