object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-19 18:25:16.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Бізде - Германия мен Болгариядан ҚОНАҚТАР!

Baitursynuly University шетелдік қонақтарды – Екатерина ТОДОРОВАНЫ (Болгария) және Петер ЭНДЕРСТІ (Германия) қарсы алды.

Академиялық ұтқырлық аясында біздің жоғары оқу орнына келген профессорларды ҚӨУ ректоры Сейтбек ҚУАНЫШБАЕВ қарсы алды.

Екатерина Тодорова – PhD профессор, София қаласындағы (Болгария) Орман технологиялары университетінің экология және ландшафтық сәулет факультетінің деканы.

Балқан ғылыми-білім беру экология және қоршаған ортаны қорғау орталығының (BSECEE) мүшесі.

Baitursynuly University магистранттарына Екатерина Тодорова "Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару" тақырыбына дәрістер оқиды, ал оқытушылар үшін экологиялық білім беру бойынша біліктілікті арттыру курсын жүргізеді. 

Петер Эндерс – профессор, физика-математика ғылымдарының докторы.

2015 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Физика, математика және информатика институтының құрметті профессоры болып табылады.

ҚӨУ-те Петер Эндерс "Қазіргі заманғы физиканың өзекті мәселелері" және "Оптика" тақырыптарында дәрістер өткізеді, сондай-ақ "Ғылым және білім: дәстүрлер, жаңа сын-қатерлер, шешімдер" біліктілікті арттыру курстарын жүргізеді.

Қабылдау комиссиясы