object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 06:25:56.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-нің заңгер-студенттері жақсы нәтиже көрсетті

Сүлеймен Демирел атындағы университет ұйымдастырған республикалық SDU Moot Court Union CUP 2021 турнирі өтті. MOOT COURT - бұл әлемдегі заң факультетінің студенттеріне арналған ең әйгілі конкурстардың бірі. Онда қатысушылар сот процесін көрсетеді, әр тарап өзінің қарсыласынан басымдылығын дәлелдейді.

Аталмыш турнирге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, КИМЭП, Каспий қоғамдық университеті, Нарxоз және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеттерінен 2-3 консулдан құралған 14 студенттік команда қатысты.

Ойын сотты Grata International, INTEGRITES, Synergy Partners және Sygnum заң компанияларының тәжірибелі заңгерлері бағалады.

П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының «Халықаралық құқық» мамандығының 2 курс студенттері Әділ Мұсабаев пен Аружан Сәрсенбаеваның «Құпия адвокат» командасы жақсы ойын нәтижесін көрсетіп, үшінші орынды иеленді.

Студенттерімізді құттықтаймыз, алар асуларыңыз көп болсын!

Қабылдау комиссиясы