object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 08:30:13.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-НІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Поволжье мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және туризм университетінің (Қазан қ.) базасында 13-29 сәуір аралығында қызмет көрсету және туризм бойынша халықаралық студенттік олимпиаданың 2-ші кезеңі өтті, оған Ресейдің әртүрлі аймақтары мен Қазақстаннан 70-тен астам студент қатысты.

Мәскеу, Саратов, Тула, Қазан және басқа да туризм саласындағы жетекші жоғары оқу орындары студенттерінің жұмыстары жоғары деңгейде бағаланды. Ал шетелдік қатысушылар арасында ең жақсы нәтижені А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Туризм» мамандығының студенттері көрсетті. 4 курс студенті Мария Николенко 1-дәрежелі дипломмен, 3-курс студенті Жанел Зулпахарова 2-дәрежелі дипломмен және 3-ші курс студенті Камила Камилова 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар комиссия мүшелері Мәдина Байсейітованың еңбектерін ерекше атап өтті.

Байқау қорытындысы бойынша А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің екі студенті Мария Николенко мен Аруна Әшірбековаға Поволжье мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және туризм университетінде «Туризм» мамандығы бойынша магистратурада тегін білім алуға екі квота бөлінді.

Үздік студенттерімізді құттықтаймыз!

Қабылдау комиссиясы