Қазақстан ЖОО Ректорлар кеңесі 2021 жылдың шілде айында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жоғары білім мен университет ғылымының дамуын БАҚ-та үздік жариялау бойынша байқау өткізген болатын. Бүгін байқау қорытындысы белгілі болды.
Сайысқа қатысушылар жоғары оқу орындарының өзекті мәселелері мен жетістіктері туралы журналистік материалдарды ұсынды.
Шығармалар байқауы «Интернет басылымдарындағы үздік жарияланым», «Баспа басылымдарындағы үздік жарияланым», «Үздік телерепортаж», «Радиодағы үздік жаңалықтар шығарылымы», «Үздік студенттік басылым» номинациялары бойынша өтті.
Байқауға БАҚ, ақпарат агенттіктері, теле-радиостанциялар, интернет-ресурстардың журналистері және арнайы мамандықтардың студенттері қатысты.
«Журналистика» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Екатерина Байняшева мен Роман Шулекин ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Олардың университеттегі «Univer Life» журналында жарияланған «Впишем строки в книгу судеб» бірлескен авторлық мақаласы «Үздік студенттік басылым» номинациясында үздіктер қатарынан табылды. Күнделік түрінде жазылған шағармада студенттер өздері қатысқан «Тың игеру Ресей мен Қазақстанның тарихи жадында» Ресей-Қазақстан жобасының экспедициясы туралы әңгімелеген. Айта кету керек, Екатерина мен Роман «Univer Life» журналының белсенді авторлары.
Өкінішке орай, байқау жеңімпаздары Нұр-Сұлтан қаласында өткен Диплом табыстау рәсіміне қатыса алмады. Бүгін келе алмаған жеңімпаздар үшін онлайн кездесу ұйымдастырылып, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультеті кеңесінің отырысында Қайрат Сақ байқауға қатысқан студенттерді құттықтады.