Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттерімен қашықтықтан оқыту режимінен шығу рәсімі бойынша онлайн-кездесу өтті.
Кездесу ZOOM платформасы және әлеуметтік желілердегі тікелей эфир арқылы өтті. Онлайн-қосылуға 2000-нан астам студент қатысты.
Оқу нысаны, университетте болу ережелері, жатақханаға орналасу тәртібі: мұның бәрі студенттер мен олардың ата-аналарында көптеген сұрақтар туғызды. Күн сайын ресми аккаунттарға біз көптеген сұрақтар келіп түседі. Тікелей эфир барысында осы және өзге де сауалдарға толық жауап берілді.
Ағымдағы оқу жылының екінші семестріндегі оқудың алгоритмі:
- Дайындық бағытына қарамастан, 2 семестрден бастап барлық 1 курс студенттерін оқыту аралас форматта жүзеге асырылады.
- Аралас оқыту форматы дәстүрлі аудиториялық оқыту мен қашықтықтан оқыту элементтерімен үйлеседі.
- Дайындық бағытына байланысты 2-4 курс үшін оқыту 2 форматта жүргізіледі: аралас оқыту немесе толық қашықтықтан оқыту.
Сонымен қатар онлайн кездесу барысында медициналық тексеруден өту туралы және жатақханаға орналасу ережелері туралы ақпарат берілді.
Әрине, карантин жағдайындағы аралас оқыту кезінде оқу сабақтарын ұйымдастырудың маңызды басты қағидалары – әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету және бетперде режимін сақтау.