Skip to content

ҚӨУ-нің оқытушылары Ресейлік ғалыммен кездесті

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де Орал мемлекеттік орман шаруашылығы университетінің (Екатеринбург, Ресей) профессоры Юрий Михайловтың оқу ордамыздың жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушыларымен кездесуі өтті.

Юрий Михайлов – биология ғылымдарының докторы, рейтингтік басылымдардағы бірқатар ғылыми жарияланымдардың авторы, сондай-ақ ғылыми жобалардың жетекшісі. Ю.Михайловтың баяндамасының тақырыбы мен оның ғылыми қызығушылықтары биологияның кейбір салаларындағы кафедраның ғылыми бағыттарымен сәйкес келгендіктен кездесу өте қызықты өтті. Ғалым әріптестерімен Орал жапырақ қоңызын (Coleoptera, Chrysomelidae) зерттеу нәтижелерімен, оның зерттелу тарихы мен келешегі, Оралдағы энтомология саласындағы табыстары туралы ақпараттармен бөлісті.  

Call center - 8 (7142) 93-10-10