Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті мен «Зерде» оқу орталығы арасында меморандумға қол қойылды. Бұл бастама университеттің сертификатталған әмбебап бухгалтерлерді оқытып шығаруына мүмкіндік береді. Оқу орнында алғаш рет қолға алынған бағдарлама жас мамандарға білімдерін кеңейтуге, ал тәжірибелі мамандарға кәсіби біліктілігін арттыруға, жаңартуға көмектеседі.
Меморандумға қол қою аясында «Әмбебап бухгалтер» сертификатталған курс бағдарламасының тұсаукесері өтті. Бұл курстың бағдарламасы бухгалтерлік есеп және салық есебі бойынша практикалық дағдыларды алуға, шаруашылық операцияларын көрсетуге, 1С конфигурациясының сервистік мүмкіндіктерін көрсете отырып, өзара есеп тапсырмасының мысалында салық есептілігі нысандарын толтыруға бағытталған. Курс жеке кәсіпкерлерге, бизнес көшбасшыларына арналған.
Бүгіннен бастап екі топқа арналған апталық курстар басталды, онда курс тыңдаушылары 30 сағат ішінде экономика, салық және қаржы саласындағы болып жатқан өзгерістерге сәйкес практикалық дағдыларды алады. Бірінші топтың қатарында «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының түлектері де бар. Маусым айының соңында олар дипломмен бірге «Әмбебап бухгалтер» сертификатын алады, бұл оларға оңай жұмыс табуға мүмкіндік береді. Тыңдаушылардың екінші тобы - жұмыс тәжірибесі бар, бірақ кәсіби біліктілігін арттырғысы келетін және қаржы саласында табысты мансап құрғысы келетін мамандар.
«Зерде» оқу орталығы мен университетіміздің арасындағы келісім оқу орны студенттерін одан әрі өз бетінше оқытуға, сертификаттауға мүмкіндік береді.