Онлайн режимде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Қазақстан-Британ техникалық университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Бүгінде оқу ордамыз 167 Білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды және университет әріптестік байланыстарды кеңейтуге байланысты жүйелі жұмыс атқарады.
ҚБТУ - Қазақстанның үздік техникалық университеті, оқу орны білімді ағылшын тілінде береді. Аталмыш университеттің халықаралық деңгейдегі дипломын әлемнің көптеген елдері мойындайды.
Екі жақты серіктестік бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асатын болады. Басты бағыт - қос дипломды білім беру бағдарламасын енгізу.
Сонымен қатар екі оқу орны бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары, профессорлық-оқытушылар құрамының және студенттердің барлық санаттарының академиялық ұтқырлығы бойынша ынтымақтастық орнатпақ. Қостанай өңірлік университеті және ҚБТУ ұжымына ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастық тілейміз!