object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 10:24:42.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-гі жаңалықтар мен алға қойған жоспарлар

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ – бүгінде бай тарихы мен өзіндік дәстүрлері қалыптасқан көпсалалы университет. Студенттер саны – 6589, оқытушылар саны – 724. Біз маман дайындаудың үш деңгейлі оқыту жүйесі бойынша білім береміз. Оқу орны 165 білім бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды және биылғы жылдан бастап, жаңа 4 мамандық енгізілді.

Коммерциялық емес акционерлік қоғамға өтіп, өңірлік университет мәртебесін алғаннан кейін ЖОО-ның алдындағы міндеттері көбейді. Солардың бірі - аймақтағы академиялық және ғылыми шеберлік орталығы болу, еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыру, аймақтық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды жақсарту және инженерлік-техникалық білім беру бағдарламаларын озық жабдықтармен және технологиялармен жабдықтау көзделіп отыр.

Елбасының 3 бастамасы – «Жоғары білімнің қол жетімділігі мен сапасын арттыру және студент жастардың тұрмыстық жағдайын жақсартуды» іске асыру шеңберінде ҚӨУ-і 700 орындық 9 қабатты жатақхананың құрылысын баста. Сондай-ақ 324 орындық 3 қабатты төрт жатақхана ғимаратының құрылысы салынып жатыр.

Университетімізде білім беру бағдарламаларын әзірлеуде үнемі еңбек нарығының ерекшелігі мен қажеттілігіне үлкен мән беріледі, бұл тұста жұмыс берушілер мен стейкхолдерлердің үлесі жоғары. 165 білім беру бағдарламаларымыздан басқа, жұмыс берушілердің тапсырысымен 2 жаңа және 2 инновациялық білім беру бағдарламалары енгізілді. Енді А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-і Б.Момышұлы атындағы №5 орта мектебінің кадет сыныптарын және облысымыздың орта мектептерін Бастапқы әскери дайындық пәні мұғалімдермен қамтамасыз ету мақсатында Бастапқы әскери дайындық пәні мұғалімдерін, Қызмет көрсету саласы бойынша «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандарын, Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының ұсынысымен «Мәдени-тынығу қызметі: актерлік шеберлік және театрландырылған қойылымдарды ұйымдастыру», сонымен қатар «Мәдени-тынығу қызметі: хореографиялық орындаушылық және бұқаралық қойылымдарды ұйымдастыру» мамандарын әзірлейді. Бұл мамандықтарға студенттерді жаңа оқу жылынан бастап қабылдайтын болады.

Қабылдау комиссиясы