object(DateTime)#1026 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-06-30 22:26:03.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-гі инклюзивті білім

Самарқанд экономика және сервис институтында (Өзбекстан) Еуропалық Одақтың Эразмус+ бағдарламасы аясында «Developing services for Individuals with Disabilities» («Мүгедектерге арналған қызметтерді дамыту») жобасы бойынша қорытынды конференция өтті.

Бұл жоба 2019 жылдан бері А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің психология кафедрасының қатысуымен Ұлыбритания, Румыния, Германия, Греция, Ирландия, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің университеттерімен бірлесіп жүзеге асырылуда. Аталмыш бағдарлама бойынша ҚӨУ-і тарапынан жұмыс істейтін топ құрамы: Лилия Саркисян, Елена Кандалина және Ирина Пархоменко. Конференцияға университетіміздің атынан Ирина Пархоменко қатысты.

Жоба инклюзивті білімге қол жеткізуді, әлеуметтік инклюзияны және ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалармен тең қарым-қатынас орнатуды ынталандыруға және дамытуға бағытталған. Бұл ережелер мен талаптар Болон процесінің және БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясының критерийлеріне сәйкес келеді.

Осы жобаның арқасында университет оқытушыларды инклюзивті тәсілге және ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалармен жұмыс істеуде арнайы дағдыларға үйрету үшін білім беру модульдерін жасап, әзірледі. Сондай-ақ ректордың бұйрығымен инклюзияны дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі бекітілді, университетте Инклюзивті білім беру орталығы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, университетте 2025 жылға дейінгі инклюзивті білім беруді дамытудың Жол картасы әзірленді, онда университетте инклюзияны дамытудың барлық бағыттары бойынша іс-шаралардың мақсаттары мен міндеттері, мазмұны айқындалған.

Конференцияда жобаның нәтижелерін талқылаумен қатар, елдер арасындағы әріптестік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Инклюзивті білім беру жобасының ақпараттық материалдары орналастырылған онлайн платформаға төмендегі сілтеме бойынша өтіп, тіркелуге болады:

https://decide-project.com 

ҚӨУ-і сайтындағы DECIDE жобасының беті https://ksu.edu.kz/cooperation/erasmusplus/decide/.

Қабылдау комиссиясы