Əлеуметтік-гуманитарлық пəндер кафедрасында биыл тағы бір жаңа мамандық пайда болады. Тарихшылардың мұрындық болуымен ашылғалы жатқан жаңа білім беру бағдарламасы – «Мұрағаттану, құжаттану жəне мұражай ісі» мамандығы. Мамандыққа қабылдау алдағы оқу жылында басталады. 6В03202-Мұрағаттану, құжаттану жəне мұражай ісі ББ-на оқуға түсуге ниетті мектеп түлектері маусым айынан бастап, құжаттарыңызды тапсыра берулеріңізге болады.
Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік мұрағатының директоры Сəбит Шілдебай мен директордың орынбасары Мəрзия Ғаниқызы осы білім беру бағдарламасына эксперттік сараптама жасап, өз пікірлерін жақында Алматы қаласындағы мұрағатта жұмыс істеп келген кафедраның оқытушылары Руслан Жусупов пен Тобыл Жандаулетовке табыстады. Осындай тағы бір эксперттік сараптама Алматыдағы Президент мұрағатынан да алынды. Сараптаманы кафедрамыздың түлегі, аталмыш мұрағаттың басшысы Алия Мустафина берді.
Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұрағат пен Президент мұрағаты – Қазақстандағы байырғы мұрағат орталықтары. Біздің кафедраның 6В020300-Тарих мамандығының студенттері, 7М020300-Тарих мамандығының магистранттары мен 8D020300-Тарих докторанттары дипломдық, диссертациялық зерттеулеріне осы екі мұрағат қорынан мол мəліметтер алып, пайдалануда. Алдағы уақытта ашылған мамандықтың түлектері жергілікті, республика көлеміндегі мұрағаттар мен мұражайларда тəжірибеден өтіп, еңбек жолын бастарына сеніміміз мол.