object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 08:19:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-де шетелдік қонақ

24 қазаннан бастап София (Болгария Республикасы) Орман шаруашылығы техникалық университетінің профессоры Александр Ташев А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де дәріс оқиды.

Александр Ташев – ботаника, дендрология, флористика, фитоценология, флора мен өсімдіктерді қорғау, орман экожүйелерінің экологиясы саласының маманы. Өсімдіктер мен өсімдіктерді қорғауға қатысты көптеген республикалық және халықаралық ғылыми жобалардың жетекшісі, қатысушысы және сарапшысы.

24 қазан мен 19 қараша аралығында профессор «Биология, экология және химия», сондай-ақ және «Жаратылыстану ғылымдары» кафедраларының студенттері мен магистранттары, докторанттары үшін дәріс оқып, тәжірибелік сабақтарды, жас ғалымдар мен докторанттарға арналған оқыту семинарларын өткізеді. Сонымен қатар университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру курстарын өткізу жоспарда бар.

Ғылыми кеңесші ретінде профессор кандидаттық диссертацияларды талқылап, шолу жасайды. Сондай-ақ шетелдік қонақ университет магистранттарымен бірге бірлескен ғылыми жоба әзірлеуге, импакт-факторы, халықаралық рецензиясы бар журналдарға ғылыми мақалалар дайындауға қатысады.

Ынтымақтастық аясында университеттер арасындағы ғылыми, академиялық және әдістемелік байланыстарды дамыту жоспарлануда. 

Қабылдау комиссиясы