object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 08:14:27.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-де шетелдік ғалымдар

Оқу ордамызға «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметіне шетелдік ғалымдарды тарту» бағдарламасы аясында биология ғылымдарының докторы, профессор, РФ-ның Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің биогеография кафедрасының аға ғылыми қызметкері Сергей Соловьев пен биология ғылымдарының кандидаты, Орман шаруашылығы университетінің профессоры (София, Болгария) Александр Ташев келді.

Университет ректоры Сейітбек Қуанышбаевпен кездесуде шетелдік қонақтар: «Қазақстан қарқынды және тез дамып келе жатқан мемлекет. Бұл сіздермен жұмысты жандандыруға жаңа серпін береді. Біздің ынтымақтастығымыз одан әрі жалғасады деген үміттеміз, ортақ жобалар мен идеялар бойынша бірлесіп жұмыс істейтін боламыз»,-деді.

Шетелдік ғалымдардың келу мақсаты бағдарлама шарттарына сәйкес, олар студенттерге, магистранттарға және докторанттарға дәріс оқиды, диссертациялар бойынша кеңес береді, инженерлік зертханалардың ғылыми зерттеулеріне қатысады. Сонымен қатар, оқытушылардың біліктілігін арттыру курстары өтеді. Біздің ғалымдармен, докторанттармен бірлесіп, ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған халықаралық ғылыми журналдарға мақалалар дайындайды.

Сондай-ақ шетелдік ғалымдардың қатысуымен В.Двуреченский атындағы ауыл шаруашылығы институтының «Биология, экология және химия», сонымен қатар Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың «Жаратылыстану пәндері» кафедраларында іс-шаралар мен кездесулер өткізіледі.

Қабылдау комиссиясы