object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 01:27:51.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-де мәртебелі қонақтар

Қостанайға Ресейдің ең ірі автомобиль корпорациясы «КАМАЗ» және Қазан федералды университетінің Набережные Челны институтының өкілдерінен құралған делегация келді. Сапар аясында қонақтар Қостанай қаласының индустриялық аймағында іске қосылуы 2024 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған «KamLitKZ» ЖШС зауыттарының құрылыс алаңында болды.

Құрамында «КАМАЗ» ҚАҚ бас директорының персоналды басқару, ұйымдастырушылық даму және корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары – Халиуллина Жанна Евгеньевна және Қазан федералдық университетінің Набережные Челны институтының ректоры Ганиев Махмут Масхутович бар делегация ҚӨУ ұжымымен және студенттерімен кездесіп, Қостанайда салынып жатқан зауытқа мамандар даярлау, қосдипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асырудағы серіктестік мәселелерін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының машина жасау саласындағы үкіметаралық келісімі аясында 2021 жылдың маусым айында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Қазан федералдық университетінің (ҚФУ) Набережные Челны институты арасында Қазақстандағы машина жасау саласы үшін кадрларды мақсатты түрде даярлауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Инженерлік-техникалық институттың «Машина жасау» ББ 1-курсында қосдипломды білім беру бағдарламасы бойынша 20 студент оқиды. Олар алғашқы екі жылды өз университетінде, 3-4 курсты Набережные Челны қаласында оқиды, ал оқуды бітіргеннен кейін олар екі диплом алады: А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің және ҚФУ-нің дипломы.

Болашақта олар екі жаңа бірегей жоғары технологиялық зауыттың алғашқы мамандары болмақ. Бүгін студенттер «КАМАЗ» ҚАҚ-ның бас директорының орынбасары Жанна Халиуллинаның, институт ректоры Махмут Ганиевтің және А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ ректорының қолынан Қазан федералды университетінің студенттік билеттерін салтанатты түрде алды.

Студенттерімізді «қос дипломды студент» қатарына енулерімен құттықтаймыз, жемісті ынтымақтастық үшін серіктестерімізге алғысымызды білдіреміз!

Қабылдау комиссиясы