object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 05:35:14.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-де АРТА Сыртқы сараптама комиссиясы жұмыс істеуде

18-20 сәуір аралығында мамандандырылған және бастапқы мамандандырылған Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) сарапшыларының сыртқы аудиті өтеді. Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты мен П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының білім беру бағдарламаларының сапасы бағаланады.

Аккредиттеу рәсімі үш кезеңді қамтиды: өзін-өзі бағалау (ішкі бағалау), сараптамалық топтың сыртқы бағалауы және Аккредиттеу кеңесінің шешім қабылдауы. Бірінші кезеңнен өттік, білім беру бағдарламаларының сапасы жайлы өзімізді өзіміз бағалап, есеп бердік.

Сыртқы сараптама комиссиясының сапары дәстүрлі түрде, сондай-ақ ZOOM платформасында on-line режимінде де өтуде.

Сыртқы сараптама комиссиясы білім беру жүйесіндегі жетекші шетелдік және қазақстандық сарапшылардан, жұмыс берушілер мен студенттерден құрылады. Комиссияны физика ғылымдарының докторы, Рига техникалық университетінің Техникалық физика институтының профессоры Gita Revalde (Рига, Латвия) басқарады.

18 сәуірде АРТА сарапшыларының бірінші жұмыс күні болды. Күннің бірінші жартысында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректордың міндетін атқарушы Ербол Исақаевтың, проректорлардың, құрылымдық бөлімшелердің басшыларының, институт директорларының және аккредиттелетін оқу бағдарламаларының кафедра меңгерушілерінің қатысуымен кездесу өтті. Сұхбатта бөлімшелердің және жалпы университеттің жұмысына баса назар аударылды.

Күннің екінші жартысында комиссия мүшелері профессорлық-оқытушылар құрамымен, студенттермен сұхбаттасып, сауалнама жүргізді. Сонымен қатар Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институт пен П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтында болды.

Қабылдау комиссиясы