«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының жыл сайынғы рейтингін қорытындылады. 2018 жылдан бастап «Атамекен» ҰКП ҚР БҒМ-мен бірлесіп білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді.
Рейтинг 19 критерий бойынша жүргізіледі:
түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі,
түлектердің орташа жалақысы,
білім беру бағдарламасын аккредиттеу,
оқытушылар құрамының сапасы,
білім беру бағдарламаларының өзектілігі.
Рейтингке А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 45 білім беру бағдарламасы кірді, оның 7-уі - ТОП-3-те:
2 орын «Ветеринарлық медицина» ББ,
2 орын «Психология» ББ,
2 орын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» ББ,
2 орын «Музыкалық білім беру» ББ,
3 орын «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» ББ,
3 орын «Педагогика және психология» ББ,
3 орын «Физика (білім беру)» ББ.
29 білім беру бағдарламасы 10 үздік бағдарламаға енді, ал 10 ББ-ы өткен жылмен салыстырғанда өз позицияларын айтарлықтай жақсартты.
Рейтинг қорытындылары ЖОО-да жұмыс берушілер мен еңбек нарығының талаптарына жауап беретін сұранысқа ие мамандарды даярлау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын көрсетеді.
Осылайша, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті бірнеше жылдан бері еліміздегі үздік көпсалалы жоғары оқу орындарының ондығына еніп, еліміздегі ірі өңірлік университеттерінің бірі екенін растап келеді.