Baitursynuly University жаратылыстану ғылымдары кафедрасының апталығы аясында ерекше сабақ өтті. Онда биология мен шет тілі “достасты”.
“Кәсіби бағытталған шет тілі” пәні бойынша “Cell structure” тақырыбындағы сабақты “Биология” білім беру бағдарламасының студенттеріне аға оқытушылар Женискуль Божекенова мен Виктория Коваль өткізді.
Оқытушылар сабақты шығармашылық тұрғыда ұйымдастырып, CLIL технологиясының элементтерін қолданды. Бұл әдіс шет тілін үйренуді, биологияны және шығармашылықты біріктірді.
Студенттер «Теремок» ертегісінің желісі бойынша «Cell cottage» ертегісін сахналаса, кейін гитараның сүйемелдеуімен «The Cell Song» әнін орындады. Олар тақырыптық лексика мен ғылыми терминологияны қолдана отырып, ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын көрсетті.
Сабақ ерекше, танымдық тұрғыда қызықты өтіп, студенттер мен оқытушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.