Baitursynuly University педагогикалық олимпиада өтті.
Оны Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс магистранттары (қазақ бөлімі) ұйымдастырды.
Практикадан өту барысында магистранттар іс-шараға шығармашылықпен қарауды жөн көрді.
Олимпиада ағартушы Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық құндылықтарына арналды.
Сайысқа «Тарих», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттері қатысты.
Олимпиада барысында студенттер педагогикалық қабілеттерін көрсетті. Жеңіске жету үшін креативтілік, шығармашылық көзқарас, командамен жұмыс істеу қабілеті мен кәсіби-педагогикалық ойлау маңызды болды.
Олимпиада тапсырмалары болашақ мұғалім бейнесін қалыптастыруға бағытталды және топпен бірлесе жұмыс істеуді көздеді.
Ұйымдастырушылар байқау тапсырмаларында жасанды интеллект пен заманауи технологияларды қолданды: викторина, педагогикалық жағдайларды талдау және шешу (кейс-әдісі), Canva платформасында постерлік презентация әзірлеу.