object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-25 23:05:07.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«Ата Заң - тәуелсіздік тірегі» ЗАҢ үстемдігі - басты құндылық

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған Ұлттық іс-шаралар жоспары аясында бүгін Baitursynuly University көшпелі сараптамалық кездесу өтті.

Кездесуге елордадан келген сарапшылар тобы қатысты. Олар ҚӨУ-дің студенттерімен және профессорлық-оқытушылар құрамымен пікір алмасты.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Соттың судьясы Сергей Ударцев өз сөзінде Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.
Конституциялық Сот аппаратының аналитигі Амир Умаров Конституциялық Сотқа жүгіну мүмкіндіктері туралы түсіндірді.

Ал Бас прокуратураның нормашығармашылық қызметін үйлестіру департаментінің басшысы Альбина Маутова прокуратура органдарының Конституция үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.

Сондай-ақ, кездесуде Қостанай облысы «Заңгер» заң кеңесшілері палатасының Тәртіптік комиссия мүшесі Жаслан Байбазаров сөз сөйледі.
Кездесу соңында қатысушылар сарапшыларға көкейдегі сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.

Айта кетейік, Альбина Тасболатқызы мен Жаслан Ниязбекұлы – ҚӨУ-дің экономика және құқық факультетінің түлектері. Түлектерімізбен мақтанамыз!

Қабылдау комиссиясы