object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-19 18:35:19.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ТҮРКИЯДАН үш профессор

Бүгін Baitursynuly University қонақтарды қабылдайды.

Халықаралық ғылыми ынтымақтастық аясында біздің университетке түрік университеттерінің профессорлары келді.

Ridvan Kizilkaya және Izzet Akca Ondokuz Mayıs University-ден келді. Олардың жұмыс бағыты – ауылшаруашылығы.

Gülsüm Songül Ercan Dokuz Eylul University-ден келді, оның мамандығы – филология.

Қонақтарды Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ ректоры Сейтбек Қуанышбаев қарсы алды. Алдағы жұмысқа сәттілік тіледі. Ғылыми бағыттар бойынша ынтымақтастық, жобаларды коммерцияландыру және бірлескен стартаптар мүмкіндіктерін зерделеу жоспарланған.

Түрік әріптестерімен алдағы бір ай ішіндегі жоспарларды егжей-тегжейлі ҚӨУ Педагогикалық институтының директоры Кенжегүл Есеркепова, Ауылшаруашылық ғылымдар факультетінің деканы Алмабек Нұғманов және Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Әлібек Табулденов талқылады.

Бұл ынтымақтастықтың нәтижелері туралы біз міндетті түрде хабарлаймыз.

Қабылдау комиссиясы