object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-06 00:11:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ПОЛИЦИЯ қызметінің ерекшеліктері

Бүгін ҚӨУ-дің экономика және құқық факультетінің студенттері үшін Қостанай облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Ерлан Сералин ашық дәріс өткізді.

Кездесу барысында Ерлан Азирханович департамент қызметі, полиция жұмысындағы ерекшеліктер, сондай-ақ құқық қорғау органдарында жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Факультет деканы Айдар Байкин кездесу кезінде департамент өкілдерімен оқу бағдарламаларын жаңарту, барлық түрдегі тәжірибелерден өту, қонақ дәрістері мен тағылымдамалар ұйымдастыру бағытында болашақтағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қабылдау комиссиясы